Мектепішілік бақылау жоспары.
МІБ мақсаты – БҰ қызметін жетілдіру, соның ішінде білім беру және тәрбиелеу сапасын жақсарту; педагог қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру.
МІБ міндеттері:
- білім беру саласындағы заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді бұзу және орындамау жағдайларын айқындау және олардың алдын алу бойынша шара қолдану; педагог қызметкер қызметі нәтижелерінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;
- білім беру үдерісін ұйымдастырудың жағымсыз және жағымды тенденцияларын айқындау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- БҰ-ғы бұйрықтар мен нормативтік актілердің іске асырылу нәтижелерін талдау;
- педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.
Бақылауды қорытындылау үшін келесі формалары қолданылады:
- педкеңес;
- әкімшілік кеңес (директордың, орынбасардың қатысуымен);
- әдістемелік кеңес мәжілістері;
- мектеп бойынша бұйрық, анықтамалар.