«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпықазақстандық ашық диктант

05.09.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп, 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай жыл сайын жалпықазақстандық ашық диктант (бұдан әрі – диктант) ұйымдастырып келеді.
Биыл бұл шара Үкіметпен бекітілген «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарышеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Диктанттың мазмұны еліміздің тарихында айрықша орны бар белгілі тұлғалардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, мәдениет пен әдебиет өкілдерінің өмірі мен еңбегіне арналады. Бұл дәстүр жұртшылықтың елге еңбегі сіңген қайраткерлердің мұрасын дәріптеп, ел тарихын және рухани құндылықтарды терең тануға жетелейді.
Осы жылы диктант мәтіні ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының  180 жылдығына арналады.
Просмотров: 35


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст