«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді ауданының киелі жерлері туралы аңыздар

13.06.2019
  1. Бөгенбай би кесенесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Бөгенбай би ауылы.

Қысқаша анықтамасы: Кенесары хандық құрып тұрған кезде қырғыз бен қазақ арасындағы толқулар үлкен дауға айналу қауіпі туғанда Бөгенбай би өзінің  данагөйлігімен екі елді ымыраға келтірген екен. Бөгенбай би Кенесары ханның кеңесшісі және сенімді өкілі болған. Бөгенбай би шешен, әрі соғыс тәсілдерін жетік меңгерген. Ол осы шеберлігінің арқасында еліне шапқан жауларды тойтара білген. Ал халқы оны ел қорғаны деп таныған.

Қазақ жерінде ділмар шешендерге, асқан батырларға, жаужүрек қолбасшыларға Әз деген атақ берілген. Бөгенбай би өз ортасында салиқалы ақылымен, тапқырлығымен, алғырлығымен ерекшеленіп, халқық оны «Әз Көмекей Бөгенбай» деп атап кеткен екен.

Бөгенбай би 1761 жылы Зеренді ауданының Бөген бай би (бұрынғы атауы Лосевка) деген жерінде дүниеге келген. Абылайды көзі көрген, Кенесары ханның батырларымен талай ұрыс-тартыстарда үзеңгілес болып, ел арасындағы шешілуі қиын түйіндерді тілге тиек еткен шешен, сөздің майын тамыза сөйлей алған тапқыр, көріпкелдігі бар, дуалы ауыз, жаужүрек батыр ретінде тарихта іс қалдырған.Елі алдында беделі үстем болғандықтан халқы оны «ақылгөй-данагөй» деп те атаған.

Атамыздан тараған ұрпақ осы күні Зеренді ауданының Айдабол ауылында, Бөгенбай ауылында, Сандықтау ауданында мекендейді. Бабамыздың ұрпақтары Жарылғап батыр, Шауыпкел, Төлебайлар ел үшін жанын отқа салған батырлар. 2007 жылы Лосевка елді мекенің аты Бөгенбай би атына ауыстырылды.

1890 жылы Зерендінің оңтүстігіне қарай 25 шақырым, Көкшетаудан 72 шақырым, Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 372 шақырым жерде, Айдабол өзенінен оң жағалауына қарайБөгенбай бидің құрметіне кесене тұрғызылды.

Бөгенбай би 19 ғасырда өмір сүрген. Көріпкелділіктің арқасында әулие қатарына қосылған.Ол 105 жасында өмірден өткен екен.                 2006 жылы Зеренді ауданы Бөгенбай би ауылында Көмекей Бөгенбай би мен Тоғайұлы Әзбатырға арнап, қызыл кірпіштен биіктігі 7 метр мазар тұрғызылды.

 

Жергілікті өлкетанушы: Жақашев Төлеген Шемретұлы.

«Әулие бұлақ» туралы ақпарат

 

           Біз сөз еткелі отырған сарқырама «Әулие бұлақ» деп аталады. Жарқабақтың  биіктігі 15 метр. Әулие бұлақ қысы – жазы қатпай ағып, дауысы орнадаеу сипатына 1,5 - 2 шақырымнан естіліп тұрады. Мамандардың тұжырымдауынша Қазақстанның солтүстігіндегі ең үлкен және өзгелерге мүлдем үқсамайтын сарқырама.Әсіресе, жазға салым секундына 2-2,5 метр су тасқындағандағы тау ішінің күркірін  сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Өзгелерден» дейтініміз, төңіректе тағы да  6-7 сарқырама  бар. Ірілері Ермаковка және  Әулие бұлаққа  қанаттас Кіші сарқырама. Олар да өзінше ғажап. Ал Әулие бұлақтың  ғажаптығы – сол сарқыраманың  суреткерлігінде,  ол тудырған  қайталанбас  құбылыстарда. Ғасырлар бойы тіршілік  сарынын бұзбаған  ол ені 50 метрден асатын  терең сайды каньон  дүниеге келтірілген. Оның қабырғалары  үқыптап, қолмен жинағандай әсер  қалдыратын сандық  тастармен көкке өрмелейді. Бұл сарқыраманың пайда болу мерзімінен де дерек беретіндей. Адам баласының жер басқанына 15-20  мың жыл десек,сарқыраманың әжім  тастары миллиондаған жылдарды көтеріп түрғаны анық. Айналасында әрқайсысының биіктігі 15-20  метрді еркін еңсеретін 15 қарақшы тас (бағаналар) қарандайды. Уақыт үстемдігіндегі жел-қаламдар  оларды түрлі хайуанаттар бейнесіне келтірген және әр қырынан қарағанда қиялынды  тербей құбылатыны бар.

           Сарқырама аумағындағы Үлкен  Түкті орман  және жануаралар дүниесін  көрғау жөніндегі мемлекеттік  мекеменің директоры Майдан  Бапановтың осы кебіссүлбалары осыған иландыратындай. Дана халық Әулиебүлақ атауын ұрпақтан – ұрпаққа қастерлеп жеткізіп отырғаны сондықтан. Майдан ағамыз: «Біздің бала кезімізде молда, бақсы – балгерлер ауру адамдарды бүлақ басына алып барып  емдейтіні  есімде» , - дейді. Иә , сарқыраманың аздап минерал табы бар,  тастай суық тәтті суы жан-дүниенді әп-сәтте сергітеді.Мәкеңнің жөн-жосықсыз сабантой  жиындарын сап тиғанына,табиғат сыйына қамқорлық жасап отырғанына риза болдық. Сарқыраманың ортан беліндегі ойпанда екі  жағына  жиырма кісі сиятын дастархан тас бар. Салмағы 1,5 -2  центнердің маңайында. Міне, осындай қазыналардың мүртын бұзбау мақсатымен бұлақтың айналасындағы  100 гектар жерде ешқандай ағаш кесілмейтіні ғанибет.

           Алматыдағы  Бутаковка  сарқырамасының  да биіктігі 15 метр. Бірақ, ол жалаңаш. Мәңгі жасыл  Алатаудың бұл да бір  жұмбақ құбылысы. Бүгінгі түсінікпен сипаттағанда  біздің Әулие бұлағымыз  орманның ішінде.Мұнда емдігі  бар, басқасы бар шөптердің 30 –дан астам, бұталардың 20-дан астам түрі кездесіп,қарағай, қайың , тереқ, шыршалармен көмкерілген.  Папоротник  секілді  тропикалық өсімдіктердің көз куантатыны сарқырама климатының  қолайлылығын айқындайды. Әулиебұлақтың  бәйшешектері бәрінен бұрын  гүлдейді. Мүндағы  жануарлар әлемі де бай.Баяғы  қола  замандағы алып хайуандарды қоспағанда бүгіндері бүғы, елік,бұлан, қасқыр,түлкі,сілеусін бой көрсетіп  қалады. Сандыктау  ауданының әкімі Теміржан Хамитов, Әулиебүлақ ЖШС директоры Нурлан Бектүров,  облыстық туризм және  спорт басқармасының  бас маманы Серік Қасымовтың  жетекшілігіндегі табиғат жанашырлары туған өлкенің түлеп, түрленуі  жолында  белсенділік танытуда.

           Әулие бұлақ қазір де әдемі. Әйткенмен , оған жасалған қиянат аз болмаған. Ормандарының 75 пайызы қарағайдан  түратындықтан  1945 , 1948 және  1950  жылдары Қарағанды шахталары мен өнеркәсіп орындарына  мындаған  текше метр ағаш жөнелтілген. Оңды-солды бұтау одан кейінгі жылдары да тоқталмапты. Орманда орналастыру құжаттарында  1964-1984 жылдары 470000 текше метр бал – қарағай құлатылғаны айтылған. Сонау 1928 жылы құрылған  орман шаруашылығы қазір  33264 шаршы километр аумақты қөздің қарашығындай  сақтап отыр.

            Сөз соңында Әулие бұлақ  сарқырамасы   «BAVR»  баспа үйінің ықпалымен биыл ағылшын, неміс, орыс тілінде шығарған халықаралық сире құбылыстар каталогына еңгізілгенін айтқымыз келеді. Бұл кітапқа  Ақмола облысынан аталған сарқырамамен қоса, әйгілі Бурабай мен Қорғалжын қорығы ғана  еңгені Әулиебүлақтың ерекшелігін танытса керек.

 

Бақберген Аманбек

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы.

 

Просмотров: 2716


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст