«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астана

06.02.2018

 

Астана.Қазақстан мақтанышының нақ өзі. Тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғанымызға 20 жыл толды.Сол 20 жылдың айқын көрсеткіші-еліміздің бас қаласы Астана.Кезінде 1998 жылы ел астанасы Алматыдан Астанаға көшірілген еді.Ал ол кезде Астана(Целиноградтың)хал жағдайы нашар болғанын білеміз......

Ал қазір Астана адам танымастай өзгерді.Еуразияның жүрегі,Қазақстанның айқын бейнедегі айнасының бірі.

Қазақстанның символы –Астана.Ал Астананың символы –Байтерек. Қазірде Елордамызды көркейтуге көп адамдар атсалысуда. Әлемнің ең керемет астаналарымен теңдеспесе де,ол біз үшін және қазақ халқы үшін жүрегімізден ерекше орын алады.

 

Еуразияның жүрегінде орналасқан,

Сарыарқаның нақ төріне жайғасқан.

Астана мақтанышы болып отыр,

Халқымның жүрегіне нұрын шашқан.

 

Елімізге әйгілі бір символы бар,

Қарасаң көз тоймайтын жерлері бар.

Бойжеткен, ару қыздай сызыла өскен,

Жаңа ғасыр елорда бізде де бар!

 

Еңселі Елордамыз өркендесін,

Бәйтеректей асқақтап көркемделсін!

Бірлігіміз жарасқан ел болайық,

Елу елдің қатарына қосылайық!!!

 

Әркімге өз елінің,жерінің топырағы ыстық.Сол секілді мен үшін де Астана ыстық.Заман талабына сай өркендеп келе жатқан Елордамыз одан да биіктеп,асқақтай берсін! Әр адамның түр келбетін, жан дүниесін көрсететін айнасы бар.

Ал Қазақстанның әсемділігін көрсететін айна ол-Астана.»Астана арман қала»-деп бекер айтылмаған ғой, сірә!  

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст