«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысы

21.06.2017

«Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» демекші барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан басталады.  Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысындағы бір бағыты ата-аналармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.Сынып жетекші ата-аналармен жұмысты ең алдымен жиналыстан бастайды.Ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты мен міндеттерімен, соған орай өзінің әрекет ету бағдарламасы мен тәсілін, тәрбие жоспарымен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырады.Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Мектеп тәжірибесінде сынып жетекші ата-аналарды балалармен бірге әрекеттке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады.Саяхат, таза ауаға серуен, спорттық жарыстар,жаңа жыл шыршасы, күзгі бал мерекесі,наурыз мейрамдары,оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру т.б.Егер де сынып жетекші мен ата-аналардың байланысы өте тығыз, ұйымшыл болса,бұл шешімін табады.

 

 

Ата-ананың мектептегі алатын орны

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді.

 

Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

Сынып жетекшінің ата-аналармен байланыс жасау жолдары:

1.Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. 2.Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.

3.Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Ата-ананың міндеті: 

* Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

* Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

* Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

* Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

* Мектептегі  іс-шараларға қатысу;*Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

 Қорытынды: Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарадыДегенмен,ата-аналармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст