«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Астана-Бәйтерек» монументі

20.06.2017

Бәйтеректің биіктігі – 97 метр. Ол Астана

қаласының елорда мәртебесіне ие болған 1997 жылды білдіреді. Бәйтерек

монументінің құрылысы 2002 жылдың 30 тамызында

аяқталған.

«Астана-Бәйтерек» монументінің

жерасты бөлігі 4,5 метрлік тереңдікке кетеді. Онда дәмхана, аквариумдер және

белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы бар. «Ағаштың діңімен»

лифтілер арқылы көтерілген адам көктегі шардан бір-ақ шығады.

 

Ұшар басында алтын шар орналасқан. Ол күн

сәулесімен түрлі түске құбылып тұратын «хамелеон» шынысынан жасалған. Шардың

диаметрі – 22 метр, ал салмағы – 300 тонна.Кешеннің ең жоғарғы бөлігіндегі «Аялы алақан» композициясы. Бұл осы

монументті тұрғызудың  негізгі идеясын

ұсынған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 

алақанының көшірмесі (табы). Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы

бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын

білдіреді.

   Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан

тұратын 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы

орналасқан.

 

«Астана –Бәйтерек»

монументі Астана қаласының нышаны. Басты жобалаған сәулетшілері Ақмырза

Рустемов пен Норман Фостер болған. Монумент ұзын темірлі құрылым. Құрылымның биіктігі 105

метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып

отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997

жылы ауысты дегенді білдіреді.

 «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен

–тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. 

 

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст