«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық әйелдер күні

13.03.2018

Халықаралық әйелдер күні — әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация

жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды . 1975 жыл —

Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың

8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні

боп табылады.

 

XX ғасырдың басы

1908 жылы 28 ақпанда Нью-Йорк

социал-демократиялық әйелдер ұйымының шақыруымен әйелдер теңқұқықтығы туралы

митинг өткізілді. Бұл күні 15000-нан астам әйел жұмыс күнінің қысқартуы және

ерлермен тең еңбекақы төлеу шарттарын талап етіп, қала арқылы өтті. Олар

сондай-ақ әйелдер сайлау құқығын талап етті.

1909 жылы Америка Социалисттік

партиясы халықаралық әйелдер күнін жариялап, бұл мейрам 1913 жылдың ақпанның

соңғы аптасына дейін тойланды. 1909 жылы ол 28 ақпан болды. Кейінірек, 1910 жылы, АҚШ делегат-әйелдері Копенгагендегі Екінші Халықаралық

әйелдер-социалисттер конференциясында Клара

Цеткинмен кездесті.

Клара

Цеткин 1910 жылы 27 тамызда Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық

әйелдер-социалисттер конференциясында халықаралық әйелдер күнін тағайындауға

ұсынды. Бұл күні әйелдер өз мәселелеріне қоғамның назарын тарту үшін митингтер

мен шерулер өткізеді деп түсіндірілді.

1911 жылы бірінші Халықаралық

әйелдер күні Германия, Австрия, Дания мен Швейцарияда Германияның Социал-демократиялық партиясының Ортаңғы комитетінің

мүшесі Елена Гринбергтің ұсынысымен 19 наурызда тойланды. 1912

жылы сол мемлекеттерде мейрам 12 мамырда атап өтілді. 1913

жылы 2 мамырда әйелдер Франциямен Ресейде алғаш рет митингтерге шықты, сонымен қатар демонстрациялар 9 мамырда Чехия, Венгрия мен Швейцарияда өтті. 1914 жылы әйелдер күні АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Дания,

Германия, Ресей мен Щвейцарияда тойланды.

1917 жылға дейін толық немесе

жартылай дауыс беру құқығына әйелдер Жаңа

Зеландия, Австралия, Финляндия, Норвегия, Дания, Исландияда қол жеткізді.

Қазіргі кезде

Шетел елдерінде

Халықаралық әйелдер күні - Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ангола, Гвинея-Бисау, Замбия, Камбоджа, Кения, Мадагаскар, Моңғолия мен Уганда елдерінде тойланатын мейрам мен демалыс күні. Лаоста бұл - тек

әйелдер үшін демалыс күні болса, Қытайда әйелдер үшін қысқа күн қарастыралған.

Бұрынғы КСРО

Бұл күн Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Украина мемлекеттерінде атап өтіледі.

Сонымен қатар, Тәжікстанда 2009

жылдан бастап мейрам Ана күні деп аталатын болды. Түркменстанда Халықаралық

әйелдер күні 2008 жылға дейін тойланған жоқ, әйелдер күні 21 наурызда Наурыз

мейрамымен атап өтілетін болған. 2008 жылдың қаңтар айында Туркменстанның

президенті мейрамды қайтарды. Латвияда 8 наурыз 1991 жылы КСРО құрамынан

шықаннан кейін демалыс күні болуын тоқтатты. 2007 жылы сәуірде Халықаралық

әйелдер күні ресми түрде Латвияда тойланды, бірақ демалыс күні ретінде

қарастырылған жоқ.

 

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст