«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

PISA-бұл не?

08.10.2020

Қазіргі кезде халықаралық мәртебеге ие көптеген бағалық зерттеулер бар. Халықаралық білім беру кеңістігінің даму тенденциясының бірі оқушылардың білім нәтижелерін бағалық зерттеуді ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде халықаралық мәртебеге ие көптеген бағалық зерттеулер бар. Олардың мақсаттары әртүрлі және осыған қарай ұйымдастыру әдістемесі, зерттеу ауқымы, тексеру құралдары және т. б. ерекшеленеді. Оқушылардың білімінен күтілетін нәтижелеріне жетуін бағалаудың кеңінен танымал халықаралық зерттеулеріне мыналар жатады PISA (Programmer for International Student Assessment) оқушыларды бағалау бағдарламасы; TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалау бағдарламасы; PIRLS (Progress In International Reading Literacy Study) оқу машықтарын бағалау бағдарламасы. Қазақстан халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа сапалы білім беру саясатын құра отырып, 2009 ж. бастап PISA салыстырмалы зерттеуіне қатысады. PISA өзінің құралдарын оқушылардың шынайы өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу үшін білімдерін қолдану қабілеттілігін бағалайтын құрал ретінде пайдаланады. Бұл тәсіл зерттеу тапсырмаларында үлгіленеді. Зерттеу оқушылардың қалыпты өмір үшін меңгерген дағдыларының құндылығын, іс-қимыл сауаттылығын барынша ауқымды мағынада өзектендіреді. PISA шеңберінде 15 жасар оқушылардың ересек өмірге қадам басуға дайындығы бағаланады. Мемлекеттер PISA зерттеуіне тек ел үкіметі қабылдаған шешімнің негізінде ғана қатыса алады.   PISA бағдарламасына қатысушылар міндетті мақсатты топтарды анықтаудың халықаралық талаптарына сәйкес зерттеу өткізу үшін пилоттық мектептер мен оқушыларды дайындауға жауапты болуға; бағдарламаға қатысушы мектептерді іріктеу мен бағалауды басқару үшін өкілеттіліктері мен ресурстарын қамтамасыз етуге; сауалнамалардың бағалаушы буклеттерін аударуға, дайындауға және басып шығаруға мүмкіндік жасауға; сауалнамаларды жіберу мен оларды ары қарай өңдеуге мүмкіндік жасауға. PISA бағалауы үш бағыт бойынша өткізіледі: оқудағы сауаттылық; математикадағы сауаттылық; жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық. Жоба оқушылардың оқудағы жетістіктерін сыни бағалаудың бірегей үлгісін ұсынады. Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша білім негізіндегі машықтар мен дағдылар жүйесіне нақты талаптар белгіленді. Әр үш бағытқа сәйкес ұпай саны беріледі. PISA бағалауы 3 жылда бір рет өткізіледі. Бағалаудың әр циклі негізінен үш бағыттың біріне баса назар аударады.

Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст