«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент туралы шығарма

14.12.2020

Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы

Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы

Президент дегеніміз- өз елінің

Тәрбиелі тұтқасы.

(Ж. Аймауытов)

Әр елдің қандай болса да кешегі, өткені бар. Қандай белестерден өткен,кім басшылық жасады. Қуанышты, қайғылы сәттер!

Ал, Қазақстанға келсек, қандай қиын жағдай болса да,елім менің әрдайым абыроймен шыққан!Ия, шіркін, Қазақ жерім! Не көрмедің?! Басыңнан не өтпеді? Ол бәрі тарихта қалды...

Қазіргі жасөспірімдер- біз, осыны бәрін оқулықтан, интернеттен біліп жатырмыз. Әр кезеңнің тұлғалары бар. Оларды біліп, оларға бас иеміз.

Өз еліңді сүйе білу - оның халқын да сүйе білу. Қазақстанда ұлы ақындар мен ғалымдар өмір сүрген. Мысалы: үш жүздің басын қосқан – Абылайхан; «Жеті жарғы» заңын шығарып, халықты тәртіпке келтірген – Тәуке хан;23 жасында орыс географ қоғамының мүшесі атанған Шоқан Уәлиханов; «Алаш» партияның мүшелері Ахмет,Шәкәрім, Мағжан, Әлихан Б; Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, қазақ деген атын биік ұстаған Бауржан Момышұлы- осы тізімді жалғастыруға болады.  Атаның балалары болмай, елдің балалары болды! Олардың аты тарихта мәңгі қалған!  Осы ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығымен танысқан сайын еліңе, туған жеріңе деген сүйіспеншілік одан сайын арта түседі. Менің туған жерімде осындай ұлы тұлғалардың өмір сүргенін мен мақтан тұтамын. Менің елім жаужүрек батырлары мен дарынды ақын-жырауларымен де мақтан тұта алады. Көптеген батырлар мен ақындарға елімізде ескерткіштер қойылған, есімдерін елді мекендер мен көшелерге, оқу орындарына берген. Бұл халықтың өз ұлы тұлғаларына деген құрмет сезімінің белгісі.

Міне, мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын! Мақтан етемін! Жасым он төртте болса да, біраз оқиғалардың куәгерімін! Есімді біле бастағанда, мен «Нұрсултан Президент» дегенді ұғып, сонымен өсіп, ержетіп келемін!

Мен- қазақпын, биікпін,бақтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім

Жұбан Молдағалиев

 

Бүгін Қазақстан әлемге танымал! Жер шарының қай түпкіріне барсақ та, «Қазақстан- Нұрсултан» деп біледі. Еліміз осындай абыройға ие болған Елбасымыздың еңбегі деп айтсақ, қателеспеймін. Тәуелсіздік  алғанымызға 30 жыл болады. 30 жыл  қарасақалдың жасы деуге болады.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – халық мақтанышы. Халық оған сенеді, оған қолдау көрсетеді,өйткені елін бірінші орынға қояды.Елбасымыз сонау қиын заманда еліміздің тұтастығын сақтап қала отырып, әлем деңгейіне абыройын көтерді.

Біз жас мемлекет болсақ та,көптеген жетістіктерге жеттік. Қазақстан- көп ұлтты, бірлігі жарасқан мемлекет – бұл біздің басқа мемлекеттерден артықшылығымыз. Бұл біздің ерекшелігіміз мемлекетіміздің басқа елдерден артықшылығын дәлелдейді, өйткені еліміздегі көптеген халық этностары тұтас мемлекет болып отыр, ал оларды біріктіретін Отанымызға деген сүйіспеншілік, тарихқа деген құрмет және Президентімізге деген сенім.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді болашаққа еркін жетелеп келеді және халық тағдыры үшін қолынан келгенін аямайтын көшбасшы.

          Мықты елдің мықты адамдары

Біз, Қазақстанның болашағы, қазіргі мектеп оқушылары Елбасы Нұрсұлтан атамыз осы құрметке лайық деп санаймыз, себебі тұңғыш Президентіміз балаларға да үлкен көңіл бөлуде.Қалада, ауылда мектептерде оқу үшін барлық жағдай жасалған.Мектебіміз күн сайын көркейіп келеді.Елбасымыз  бізге: «Еліңнің патриоты бол!» дейді.Біз елімізді Нұрсұлтан атамыздай сүйеміз, еліміздің патриоты боламыз, еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.Біз елімізді Нұрсұлтан атамыздай Президенттің басқарғанына қуанамыз, біз Тұңғыш Президентпен бірге бақыттымыз!

Қазір осы уақытта Қазақстанның Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев. Нұрсултан Әбішұлы оның ұстазы, бағдар көрсетуші.

 Қанша жыл өтсе де, Елбасымыз  тарихта тұңғыш Президент болып қалады, өйткені біз,жастар, оның жақсы істерін есте сақтап, келесі ұрпаққа жеткіземіз. Ертең біз мемлекетті басқарамыз, біз елдің болашағымыз!

Эссені мына халықтың сөзімен аяқтағым келеді:

Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді!

Қабкен Жанель

9 сынып

Доломитово орта мектебі

Зеренді ауданы

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст